Биыл елде 1300-ден аса кәсіпорын банкротқа ұшыраған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елде 1300-ден аса кәсіпорын банкротқа ұшыраған

29.10.2021

Биыл елде 1300-ден аса кәсіпорын банкротқа ұшыраған. Қарызы өсіп, жабылған кәсіп былтырмен салыстырғанда 3 есеге көбейді. Мемлекеттік кірістер комитеті биыл шілдеге дейін банкроттық туралы іс қозғауға уақытша шектеу қойылғанын айтты. Салық төлеуді кейінге қалдырып, мерзімін ұзартқан кәсіпкерлер 70 процентке көбейген. Мәселен, биыл 464 кәсіпорын міндетті төлемді кейінге шегерді. Кәсіпкерлердің 426 млрд теңгеден аса салық бойынша берешегі бар. Қарыз 21%-тен асады. Комитет шығынға батқан кәсіпкерлерді салық бойынша жеңілдік алу үшін кірістер органдарына жүгінуді ескертеді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу