Қазақ халқының 50 ғасырлық тарихы туралы кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ халқының 50 ғасырлық тарихы туралы кітаптың тұсауы кесілді

29.10.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына таптырмас тарту. Бүгін қазақ антропологиясының негізін қалаушы, академик Оразақ Смағұловтың еңбегі жарық көрді. Қазақ халқының 50 ғасырлық тарихы туралы кітаптың тұсауы Түркі академиясының жаңадан салынған ғимаратында кесілді. Қос бірдей қуанышқа Мемлекеттік хатшы, Мәдениет және спорт министрі, зиялы қауым өкілдері және шетел елшілері куә болды. «Қазақ халқы мен оның ата тегіне орай антропологиялық очерктер» деп аталатын еңбек қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жарияланып отыр. Іргелі зерттеуге алғысөзді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазған. Айта өтейік, ғалымның бұл еңбегі 70-шы жылдары Кеңестік цензурадан өтпей, өртелген еді. Ал Оразақ Смағұловтың өзі қуғынға ұшыраған.

Оразақ Смағұлов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Бүгінгі тұсаукесер кітаптың бір ғылыми ерекшелігі - мұнда бүгінгі қазақтан бастап, бұдан 50 ғасыр бұрын өмір сүрген, қазақстан жерінен табылған ата-бабалардың сүйектерінің арасындағы байланысы. Тоталитарлық режим болса, бұл кітап жарық көрмес еді, онымен бірге мені айдап жіберер еді.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Бұл еңбек ел шежіресі мен жер шежіресінің үндестігін айшықтауымен, қасиетті жеріміздің аумақтық тұтастығы ел-жұртымызбен кіндіктес екенін айғақтауымен, ұлттық қауіпсіздігіміз бен мемлекеттік мүддемізге рухани қорған қызметін атқаруымен аса құнды. 


Хабарламаларға жазылу