Өзбекстанда президенттік сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда президенттік сайлаудың ресми қорытындысы жарияланды

29.10.2021

Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы жексенбіде өткен президенттік сайлаудың ресми қорытындысын жариялады. Оған жүгінсек, қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев 80,12 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетіп, екінші мерзімге қалды. Ол сайлауға биліктегі Либералдық-демократиялық партия атынан түсті. Аталған комиссия төрағасы Зайниддин Низамходжаевтың мәлімдеуінше, дауыс беруге 16 миллион 212 мың адам немесе электораттың 80,8 пайызы қатысқан. Сайлау кодесіне сәйкес, Өзбекстан президенті ресми қорытынды жарияланғаннан кейін екі айдан кешікпей Олий Мәжілісте ант беріп, қызметіне кірісуге тиіс.


Хабарламаларға жазылу