Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті қайта тергелмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті қайта тергелмек

29.10.2021

Томирис Байсафаның өліміне қатысты күдікті қайта тергелетін болды. Себебі Муртузали Меджидовты кінәсіз деп тапқан сот үкімінің күші жойылды. Осы жазда Томиристің қазасына басты күдікті деп танылған Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы ақталып, сот залынан босатылған еді.

Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен еді. Бірнеше операция жасалғанымен, есін жимастан, сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды.

Жанна Ахметова, марқұмның анасы:

Кеше Мәскеу қаласындағы Никулинск аудандық соты менің аппеляциялық шағымымды қанағаттандырып, күдіктіні ақтап алу туралы шешімнің күшін жойды. Меджидов ешқайда шықпау туралы қолхат жазып берді. Соттың шақыртуына екі рет келмесе, қамауға алынады. Сот отырысының күні әлі белгіленбеді.


Хабарламаларға жазылу