Жамбыл облыстық театры талас-тартыс алаңына айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облыстық театры талас-тартыс алаңына айналды

30.01.2014
Жамбыл облыстық театры талас-тартыс алаңына айналды
Жамбыл облыстық драма театры өнердің ордасы емес, талас-тартыстың ортасына айналды. Сахна төрінде өнер көрсетіп жүрген жас әртістер бас режиссердің жұмыстан кетуін талап етіп отыр. Олардың айтуынша бас режиссер Қамат Қасенов ұлттық мәденеит пен өнерді, әдебеиет пен тілді толық меңгере алмаған дүмбілез маман.

«Оған дәлел режиссердің бір жыл ішінде саханалаған бар жоғы 7 қойылымының көрермен сынына ілігуі», - дейді олар. Ал бас режиссер болса, бұл жайтты әртістердің дарынсыздығына теліп отыр.

80 жылға жуық тарихы бар театр сахнасында бүгінде 30-ға тарта жас әртіс өнер көрсетіп жүр. Дені осыған дейін қиын да күрделі образдары сомдап, соны өнерімен көрермен ықыласына бөленіп үлгергендер. Әйтсе де соңғы бір жылда актерлар мен бас режиссер ортақ іске жұмыла алмай келеді. 
 
Оған басты себеп - Қамат Қасеновтің режиссерлік пайымының төмендігі, көркемдік ой өрісінің тарлығы, дейді жастар.
 
Бақытжан Байкүшіков, театр әртісі:
Ол қазақтың тілін, мәдениетін, әдебиетін толық меңгеремеген. Қазақ классикасын қоя алмайды. Сол себепті қарсымыз.
 
Мұрат Құсайынов, театр әртісі:
Бұрыннан болып келе жатқан айтулы, тәуір спектакльдердің барлығы сыртта қалып қойды. Өзі 10 спектакль қойдым деп есеп берді. Оның ішінде ертегісі де кірген, жаңажылдық, наурыздық жеңіл-желпі қойылымдар кіріп кеткен. Ал бізге керегі - классикалық қойылым.
 
Жастарға жақпай қалған бас режиссердің бұған айтар уәжі жоқ емес. Көркемдік жетекшінің айтуынша, әртістердің біразы ізденбейтін, актерлік қабілетін ұштауға ерінетін жастар. Сондықтан да басшылықтың қатаң талабына шыдай алмай жатыр, дейді. 
 
Қамат Қасенов, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының бас режиссері:
Енді бұл әдейі ұйымдастырылып отыр деп ойлаймын өзім. Әйтпесе, шындап қарайтын болсақ, мен не үшін наразы екенін түсінбедім.
 
Мәмбет Қожалиев, театр әртісі:
Егер де бізге кінә тағатын болса, ол ең бірінші режиссердің өзінің кінәсі деп есептейміз. Өйткені ол бізге дұрыс бағыт бере алмады. Қырымымызды аша алмады. Бізді ойнатып, сахнаға шығара алмады.
 
Өнердің өрелі биігінен көрінгіміз келеді деген театр әртістері бас режиссердің іс-әрекетіне байланысты мәдениет басқармасына шағым түсірді. Алайда өнер ордасындағы дау-дамайға қанық басқарма басшысы әзірге қандай да бір шешім қабылдауға асығар емес. 
        
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу