Алматыда жасырын есірткі дайындайтын екі бірдей зертхана ашқандар ұсталды. Олар дайындаған синтетикалық наркотикалық заттарды интернет арқылы саудалап келген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел әрекет етуі кезінде Қырғызстанның бір және Қазақстанның төрт азаматы қолға түсті.
Зертхананы тінту барысында 4 келі синтетикалық есірткі мен 40 литр жартылай дайын есірткі заты, 1 келі гашиш пен 20 келіден аса химиялық қоспа тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.