Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы әріптестік нығая түседі. Бұл туралы Дубайда өткен Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның кездесуінде белгілі болды.
Тараптар қос елдің сауда-экономикалық, қаржы және инвестициялық салаларын талқылады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Дубай халықаралық қаржы орталығының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл бағытта тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, Астана қаржы орталығымен тығыз байланыс орнату керектігіне назар аударды.
Бақытжан ОМАР