Атырауда коронавируспен 74 бала ауырып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда коронавируспен 74 бала ауырып жатыр

28.10.2021

Атырауда коронавируспен 74 бала ауырып жатыр. Екеуі - инфекциялық стационарда. Қалғаны амбулаториялық ем қабылдауда. Жас аналар арасында да індетке шалдыққандар бар. Соңғы мәліметке сай, 24 жүкті әйелдің ковид құрығына іліккені белгілі. 15-і ауруханаға жатқызылды. Қазір өңірдегі стационарларда 209 науқас емделіп жатыр. 15 адамның жағдайы ауыр.  

Хабарламаларға жазылу