Атырауда коронавируспен 74 бала ауырып жатыр. Екеуі - инфекциялық стационарда. Қалғаны амбулаториялық ем қабылдауда. Жас аналар арасында да індетке шалдыққандар бар. Соңғы мәліметке сай, 24 жүкті әйелдің ковид құрығына іліккені белгілі. 15-і ауруханаға жатқызылды. Қазір өңірдегі стационарларда 209 науқас емделіп жатыр. 15 адамның жағдайы ауыр.