Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланды

28.10.2021

Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланып, кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Өңірде әлеуметтік маңызы бар саналатын тауардың 15 түрі қымбаттаған. Картоп, сәбіз, қырыққабат, қант, күнбағыс майының бағасы бір жарым-екі есеге жуық өскен. Қазір тұрақтандыру қорынан тек 5 түрлі тауар төмен бағамен сатылып жатыр. Бірақ оның өзі шектеулі. Биыл сауда қызметін реттеу туралы заңға түзетулер енгізілді. Енді сатушылар әлеуметтік тауарларға үстемақыны негізсіз қосса, жергілікті кәсіпкерлік бөлімдері оларға айыпұл салуға құқылы.

Бауыржан Сатқалиев,  облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Соның ішінде қант бағасы бойынша да деректер бар. Барлығы 5 айыппұл салынды. Шағын бизнеске 10 АЕК, орта бизнеске – 70, ірі бизнеске 500 АЕК салынады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу