Авиаотын тапшылығы мәселесі қарашада шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Авиаотын тапшылығы мәселесі қарашада шешіледі

28.10.2021

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен ерте аяқталып, өндіріс 1 қарашада қайта жанданады. Энергетика министрлігі осындай ақпар таратты. Мұнай өңдеу зауыттары қосымша 2000 тонна авиаотын шығарады. Қарашада ірі тасымалдаушылар оны әуежайларға жедел жеткізуге кіріседі. Бұған дейін отын тапшылығын алға тартқан елордадағы әуежайға қосымша 700 тонна авиаотын жеткізіледі.

Жауапты министрліктің мәліметінше қазір әуежайларда 30 мың тоннаға жуық отын бар. 9 мың тоннасы жергілікті зауыттардан жөнелтілген. 15 мың тоннаға келісімшарт жасалған. Осының арқасында әуежайлардағы рейстер тоқтаған жоқ. Десе де, жанармай тапшылығы билет бағасына әсер етуі мүмкін дейді мамандар.

Қаламқас Өтеғалиева, «Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары: 
Қазір 1100 тонна қор қалған әуежайда, оның 100 тоннасы- әуежайдың өзіне тиесілі. Жақын күндері 180 тонна келеді. Скаттың айтып отырған пікірін қолдаймыз, олардың өз жанармайы - қазанның ортасына дейін ғана жетеді. Бұл жағдай билет құнына да әсер етуі мүмкін.


Хабарламаларға жазылу