Қарағандының орталық саябағындағы шағын көлге лай су төгіліп жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуда. Алайда қала әкімдігінің жауапты мамандары судың таза екенін айтып, ақталып отыр. Қоршаған ортаға еш зияны жоқ дейді.
Айтуларынша, қалаішілік су құбырларының салынғанына 40 жылдан асқан. Әбден тозығы жетіп, кей тұстары шіри бастапты. Сол себепті 8,6 шақырым құбыр ауыстырылған. Оны шаю кезінде құбыр ішіне жиналып қалған құм сумен араласып, түсі өгерген деп түсіндірді жауапты мекеме өкілдері.