Өлкетану орталығын құру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өлкетану орталығын құру қажет

29.01.2014
Өлкетану орталығын құру қажет

Қазақ халқының сан ғасыр бойы назардан тыс қалған рухани құндылықтарын тереңінен зерттеп, оларды көздің қарашығындай сақтайтын өлкетану орталығын құрған абзал.

Алматыда бас қосқан тарихшы ұстаздар мен археолог ғалымдар осындай ұсынысты алға тартты. Сонда жас өрен көне жәдігерлер мен археологиялық қазбаларда табылған заттарды көзбен көріп, ойға тоқи алады.
 
Сонымен қатар, мектеп оқушыларын Алматы маңындағы Есік қорық мұражайы мен әлемге әйгілі Алтын адам табылған орындарға жиі экскурсияларға шығарған жөн.
 
Сабақ барысына тарих қойнауынан сыр шертетін электронды сызбалар мен түрлі слайдтарды пайдаланған тиімді,- дейді мұғалімдер. 
 
Ғалымжан Бексейітов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Оқушыларды, студенттерді, жалпы қалың оқырманды қызықтыру үшін, жаңа инновациялық технологияларды қолдану керек. Археологиялық қазба жұмыстарына мектеп оқушыларын, студенттерді тартып, сол арқылы мәдениетті, тарихты таныту қажет.   
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу