Дәмханаға жарылғыш зат қойылды деп жалған хабарлама таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 5 жылға сотталуы мүмкін. Ол қалалық ішкі істер бөлімінің жедел орталығына қоңырау шалған. Қазір бізбен тікелей байланысқа осы өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал шығуға дайын.
Жақсыбек Кемал тілші:Иә, күдіктіні полицейлер көп уақыт өтпей ұстады. Ол 27 жастағы Қобда ауданының тұрғыны болып шықты. Дегенмен, «бомба қойылды» деген дәмханаға Төтенше жағдайлар қызметкерлері, саперлар мен полицейлер лезде жетіп, 87 адамды эвакуациялады. Ол жерден ешқандай жарылғыш зат табылмады. Күдікті өз ісін «қалжыңдадым» деп түсіндірген. Бұл жыл басынан бергі тоғызыншы оқиға. Оның бесеуінде жалған хабарлама бергендер ұсталды. Естеріңізде болса, 2 ай бұрын бірнеше мектепке бомба қойылды деп белгісіз біреу электронды хат жолдаған еді. Алайда, оның кім екені әлі анықталмады.
Жақсыбек Кемал