Жерлесіміз Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта әлем біріншілігін сәтті бастады. Оған жеребе бірден ыңғайсыз қарсылысты жолықтырған. Ол Олимпиада чемпионы, соңғы кездері кәсіпқой боксқа ауысқан өзбектің былғар қолғап шебері Хасонбой Дусматовпен кездесіп, үш раундта атой салып, айқын басымдықпен жеңді.
Сонымен қатар кеше Нұрқанат Райыс та сәтті өнер көрсетіп, 75 келі салмақ дәрежесінде келесі кезеңге өтті. Бұл Әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткен төртінші отандасымыз. Бұған дейін жарыс жолына Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов өз өарсыластарын жеңген болатын. Ал бүгін Бек Нұрмағанбетов пен Асланбек Шымбергенов рингке шығады.