Ірі бизнес нысандарынан мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңгеден аса салық түсті. Былтырға қарағанда міндетті төлемдер 36 процентке көбейген. Қазақстанда қазынаға ірі көлемде салық төлейтін 340-тан аса компания бар. Оның 98-і жер қойнауын пайдаланумен айналысады. Қалғаны – экономиканың түрлі секторында жұмыс істейді. Олар мемлекеттік бюджеттің жартысына жуығын толтырып отыр. Кірістер комитеті биыл Маңғыстау мұнай газ, Өзен мұнай газ, CNPC секілді компаниялардың да ең ірі көлемде салық төлегенін еске салды.
Ақерке Бектас