Суданда әскери төңкеріске қарсы шерулер жалғасып жатыр. Тұрғындар мемлекет астанасы мен елдің біраз бөлігінде жолдарды бөгеп, дөңгелектерді өртеп, билікті азаматтық үкіметке қайтаруды талап етті. Және де орталық банк қызметкерлері мен дәрігерлер жұмысты доғарған.
Соңғы мәліметке қарағанда, жауынгерлер көпшілікке оқ атып, 10 адамды мерт қылды. Дүйсенбі күні төңкеріс лидері – генерал Абдел Фаттах Бурхан жақтастары азаматтық үкіметті таратып, премьер-министрді тұтқындап, елде төтенше жағдай жариялады.
Содан кейін мемлекет астанасы Хартумның халықаралық әуежайы жабылып, елде интернет тоқтап, бірқатар аудандарда телефон байланысы үзілген.
Арыстан Рысбек