Жапония ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шықты

26.10.2021

 Жапония ханшайымы қарапайым жігітке тұрмысқа шығып, корольдік мәртебесінен айрылып қалды. Мако мен Кей Комураға неке куәлігі осыдан бірнеше сағат бұрын табысталды.

Жуырда ғана 30-ға толған Мако - қазіргі император Нарухитоның інісінің қызы. Жапония заңы бойынша, халықтан шыққан азаматпен тұрмыс құрған ханшайымдар күйеуінің фамилиясын алып, патша сарайымен қоштасуы керек.

Мако мен оның жұбайы Токиодағы Халықаралық Христиан Университетінде бір курста оқыған. Бірақ олардың сол кезде үйленуіне бірнеше кедергілер болды. Мако өзіне императорлық әулеттен тиесілі 1 миллион 230 мың доллар сыйақыны алудан бас тартқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу