Түркияның ұлттық ақшасы лира бүгін тіпті құнсызданып, доллардың қасында 1,7 пайызға әлсіреді. Оның құлдырауына президент Реджеп Тайып Ердоғанның АҚШ пен Батыстың тоғыз мемлекетінің елшілерін отанына қайтару шешімі себепші. Ол дипломаттар осыған дейін мемлекеттік төңкеріс үшін айыпталған бизнесмен әрі адам құқығын қорғаушы Осман Каваланы қамаудан босатуды талап еткен.
Бұл дау кесірінен Түркиядан шетел инвестициясы қашады, экономикалық жағдай нашарлайды деген алаңдаушылық күшейіп, жергілікті валютаға сенім сетінеп, оның арзандауына жол ашылып отыр.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, түрік лирасы жыл басынан өз құнының 24 жарым пайызын жоғалтқан екен.
Арыстан Рысбек