Мемлекет басшысы Ашхабад қаласында тарихи кешен мен музейге барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ашхабад қаласында тарихи кешен мен музейге барды

25.10.2021

Мемлекет басшысы Түрікмен еліне сапары аясында Ашхабад қаласындағы тарихи кешен мен музейге барды. Мұнда президент Ұлы отан соғысы мен 1948-жылы Ашхабадта болған жер сілкінісінің құрбандарына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Тәуелсіздігі монументіне де барды. Бұл кешен түрікмен халқының бірлігі мен болашаққа деген ұмтылысының символы. Сапар соңында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы байланыстың тамыры тереңге бойласын деген ниетпен құрметті қонақттар аллеясына көшет отырғызды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу