Си Цзиньпин елінің әлемдік бейбітшілікті қолдайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Си Цзиньпин елінің әлемдік бейбітшілікті қолдайтынын мәлімдеді

25.10.2021

Бейжің әлемдік бейбітшілік пен халықаралық заңдарды әрдайым қолдамақ. Мұны Си Цзиньпин Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымына оралуының 50 жылдығында мәлімдеді.

 «Қытай гегемония мен күш қолдану саясатының барлық түрлеріне, біржақтылық пен протекционизмге табанды түрде қарсы тұрады», - дейді дүниежүзінің екінші экономикасының лидері.

Айта кетсек, қазір Америка Құрама Штаттары мен өзге елдерді бұл мемлекеттің жаһандағы адуынының артуы алаңдатып отыр.

Тайваньмен арадағы шиеленістен бөлек, Қытай бүгінде Гималайда Үндістанмен даулы аумақ үшін, Шығыс Азияның кейбір елдерімен судағы территориялар үшін және Шығыс Қытай теңізіндегі бірқатар аралдар үшін Жапониямен дауласып келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу