Пандемия әлем қай уақытта қалағанда, сол кезде ғана аяқталады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус осы агенттіктің Жапонияда өтіп жатқан 72-сессиясына жолдаған видеомәлімдемесінде айтты. Оның сөзінше, медициналық құралдар әділ бөлінбегендіктен, коронавирус тоқтамай отыр.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, екпенің кемінде 1-дозасын салдырғандардың 31 пайызы табысы жоғары елдердің, 25 пайызы Еуропа мен Солтүстік Американың тұрғындары екен.
Арыстан Рысбек