Суданда әскери төңкеріс жасалды деген хабар тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суданда әскери төңкеріс жасалды деген хабар тарады

25.10.2021

Суданда азаматтық үкімет жетекшілері тұтқындалып, әскери төңкеріс жасалды деген хабар тарап отыр. Осыған ашынған жергілікті тұрғындар көшеге шығып, жолдарды бөгеп, дөңгелектерді өртеп жатыр.

Әзірге армия билікті құлатқанын ресми түрде жариялаған жоқ. Соған қарамастан, демократияшыл күштер халықты көтеріліске шығуға үндеді.

Соңғы мәліметке қарағанда, жауынгерлер мемлекеттік телеарнаны басып алып, оның қызметкерлерін де тұтқындаған.

Судандағы жағдайға АҚШ, Еуропа одағы және Араб лигасы алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады.


Арыстан Рысбек




Судан төңкеріс

Хабарламаларға жазылу