Ауғанстанда миллиондаған адамға ашаршылықтан қырылу қаупі төніп тұр. Мұны Біріккен Ұлттан Ұйымы ескертіп, елдің шетелдегі есепшоттарын дереу босатуға шақырды.
Айта кетсек, осыған дейін Тәжікстан қорғаныс министрі, генерал-полковник Шерали Мирзо да Ауғанстанда апатты жағдай қалыптасқанын мәлімдеген еді.
Бүгінде ауған жұрты жан бағу үшін үйіндегі дүние мүлкін базарға шығарып сатуға кірісті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасының дерегінше, Ауғанстанның 39 миллион халқының 23 миллионға жуығы қазір ашаршылыққа беттеп барады. Солардың ішінде балалар да көптеп өлуі мүмкін деген болжам бар.
Арыстан Рысбек