Украинаның Харьков қаласында ұлы Абайға ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Харьков қаласында ұлы Абайға ескерткіш ашылды

25.10.2021

Украинаның Харьков қаласында ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш қаланың «Ойшылдар аллеясы» деп аталатын алаңында бой көтерді. Авторы Украинаның халық суретшісі Сейфутдин Гурбанов туындыны «Өмір ағашы» деп атаған. Триптих түрінде жасалған ескерткіште Абаймен бірге Украинаның халық ақыны Григорий Сковорода мен әзірбайжандық ағартушы әрі философ Мырза Фатали Ахундов та бейнеленген. Ескерткіштің жалпы биіктігі - 4 метр. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз еліміздің Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев қала басшылығына игі бастама үшін зор алғысын білдірді.

«Мұндай мәдени шара халықтар арасындағы рухани байланысты бекемдеп, достықты арттыра түседі» - деді елші.


Хабарламаларға жазылу