Ғалымдар: Жастар арасында аутоиммунды аурулар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Жастар арасында аутоиммунды аурулар көбейіп барады

25.10.2021

Қазақстанда ревматологиялық ғылыми орталық құрудың мәселесі жан-жақты талқыланды. Енді Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды емдеудің әдістерін зерделеп, осы саланы жетілдіру бойынша нақты алғышарттар жасамақ.

Бұл туралы Қазақстан мен ТМД елдерінің ревматологтары бас қосқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Телекөпірде ғалымдар аутоиммунды аурулардың жастар арасында кең етек алып бара жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ жиын барысында шараға қатысушылар ревматологиялық көмекті ұйымдастыру, науқастарды емдеу және оңалтудың маңызды мәселелерін талқылады. Ал отандық ғалымдар ревмотологиялық ғылыми орталықтар құру – заман талабы екенін айтып, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу үздіксіз жалғаса беретінін жеткізді.

Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Бас ревматологы:

Негізгі мақсатымыз – олардың озық технологиялар бойынша ревмотология орталығының жолын Қазақстанда да жасау, енгізу. Және халыққа озық технологияларға сай ем-дом жасау және диагностиканы дұрыстау.


аутоиммунды аурулар ревматология

Хабарламаларға жазылу