Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

24.10.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс форматында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Мемлекет басшысы бірнеше мәселеге тоқталды. Мысалы, этникалық анклавтардың туындауына, мәдени және тілдік кедергілерге, этносаралық шиеленістер мен қақтығыстарға әкеліп соғатын әлеуметтік-мәдени оқшаулануға қатысты қатерлер туралы айтты.

Мұндай күрделі әрі проблемалы жағдайлар туралы ашық айтылуы керек деп ойлаймын. Бұл проблемаларға көз жұмуға болмайды. Әйтпесе, бұл келеңсіздікке әкеп соқтыруы мүмкін және туындаған мәселелерге шынайы баға бере алмаймыз, - деді Қ.Тоқаев.

Хабарламаларға жазылу