Төбет асыраушылар төбет төбелестіруге тыйым салатын заң қабылдануына қарсы. Неге? Не дейді? Төбетті төбелестіру – қажет сынақ дейтіндердің пиғылы қаншалықты таза? Жануарларды әдейі талату – жауыздың жауызы істейтін тірлік дейтін табиғат жанашырларының сөзі біздің уақытта қаншалықты өтімді?
Жеке субъективті пікір – төбет төбелестіру өткен күннің еншісінде қалу керек деп есептейміз. Жан-жануарға қатысты түрлі фильмдер, шығармаларды баламен бірге көріп, бірге оқу мәдениеті тараса. Мәселен үлкен сыныптарда М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесін бірге талдаса, танымды арттыруға ықпалдасатыны сөзсіз. Тараптарды тыңдаған Амангелді Сейітханның материалы.