Жезқазған оның қасындағы Сәтпаев тұрғындарына таза ауызсу ішесіңдер деген уәде берілгеніне 10 жыл. Алдымен 2013 жылы деген, сосын үндемей соза береді. Бір ақпарат көздеріне қарағанда кезінде 10 млрд теңге бөлінген, бірақ құбырлар әлі тартылып бітпеді. Қазір адамдар ашық жатқан Кеңгір қоймасының суын тұтынады. Сапасыз. 90 мың адамның ең басты нәр – сапалы суға қолы жетпей отыр.
Жезқазғанда проблема аз емес. Бетбақдалаға зымыран тасығыштардың бөліктері құлайтынын қоспағанда, мыс байытылғаннан кейін қалатын материалдарды сақтау мәселесі, мысалы. Қалдықта түрлі химиялық элементтер болады: қорғасын, мырыш, күкірт деген сияқты. Консервіленбегендіктен қауіпті.
Аптада Мемлекет басшысы Жезқазған өңіріне барған, ауызсу мәселесі қозғалды. Альбина Әшімнің материалы.