Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті

22.10.2021

Сенатта жаңартылған құрамдағы «Өңір» депутаттық тобының отырысы өтті. Аталған топ аймақтарды дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеуге кіріскен. Зерделенген мәселелер жыл соңында өтетін парламенттік тыңдауға жіберіледі. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы өңірлерді дамытуға баса мән беріп отырғанын, соған байланысты депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын айтты. Депутаттық топтың отырысында өңірлік дамуға қатысты бірқатар өзекті мәселе көтерілді.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Депутаттық топ өзіне берілген өкілеттіктер аясында Президент тапсырмаларының іске асырылу барысына бақылау жүргізе алатынын атап өткен жөн. Сондай-ақ осы салада заңнамалық ұсыныстар әзірлеу мүмкіндігін де пайдаланғанасыздар деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу