Ұлттық жоба аясында ауылдардағы олқылықтар жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық жоба аясында ауылдардағы олқылықтар жойылады

22.10.2021

Елде 1 млн-нан астам тұрғыны бар елдімекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Оның 770 мыңдайы ауыл халқы. Жергілікті жолдардың да жайы мәз емес. 27 мың шақырымды жаңарту керек. Мұның сыртында елдімекендердің жалпы инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселесі де өзекті. Сондай-ақ 53 қалада кәріздік-тазарту жүйесін жөндеу керек. Аталған ауқымды жұмыстар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тыңғылықты орындалуы қажет. Президент 2025 жылға дейін келеңсіздіктерді 100 пайыз реттеуге пәрмен берді.

Қайсар Нығметов, «Экономикалық зерттеулер институты» өңірлік зерттеулер орталығының директоры:
Бұған дейін 3 мемлекеттік бағдарлама болды. «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және өңірлерді дамыту бағдарламасы. Бүгінде соның бәрін бір жобаға қосты. Демек енді қағазбастылық азаяды. Мәселеге кешенді түрде үңілеміз. Егер бір ауылда әлеуметтік нысан жөнделіп жатса, нақ сол ауылдың инженерлік жүйесі, коммуналдық саласы, байланысына қатысты қажеттіліктер қоса реттеледі.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу