Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шаһардағы білім беру және спорт мекемелеріне Ахмет Байтұрсынов, Смағұл Сәдуақасов, Әлихан Бөкейхан сынды ұлт зиялыларының атын беру туралы ономастикалық комиссияға ұсыныс түскен. Облыстық мәлихат сессиясында бұл бастама депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Ернияз Сұлтанов, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы:
Петропавл қаласының №2 орта мектебіне Алаш арысы Смағұл Сәдуақасұлы, № 25 орта мектепке Әлихан Бөкейханның, №9 орта мектепке Ахмет Байтұрсынұлының және де Ұлттық спорт түрлерінен спорт мектебіне Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімін беру бойынша құжаттар республикалық ономастикалық комиссия қарауына жолданды.