Ресейдің Рязань облысындағы оқ-дәрі зауытында жарылыстан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті. 1 адамды күйік шалып, ауруханаға түскен. Тағы 1 адамның өлі-тірісі белгісіз.
Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, технологиялық ережелердің сақталмауынан өрт тұтанған. 160 шаршы метр аумаққа тараған қызыл жалын сөндірілді. Оқиға орнында әлі де құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.