Сирияда 24 адам өлім жазасына кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда 24 адам өлім жазасына кесілді

22.10.2021

Сирияда былтыр қасақана орман өртеді деп айыпталған 24 адам өлім жазасына кесілген. Мұны Араб Республикасының әділет министрлігі мәлімдеді.

Осы іс бойынша тағы 11 адам өмір-бақи бас бостандығынан айырылған. Тағы 5 жасөспірім 10 жылдан 12 жылға дейін түрмеге қамалды.

Олар 2020 жылдың қыркүйегінде елдің таулы аймақтарында өрт қойғанын мойындаған. Тілсіз жаудан 3 адам қаза тауып, 13 мың гектар орман алқабы күлге айналды.

Арай Төлегенқызы


Сирия өлім жазасы

Хабарламаларға жазылу