Кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалағандар ұсталды

22.10.2021

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалағандар қолға түсті. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын полицейлер кескен.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 жастағы жергілікті тұрғын шаруа қожалығының иесінен 30 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Кәсіпкер құқық қорғау орындарына арызданған соң, күдікті мен оның сыбайластарын ұстау операциясы жүргізілді.

Белгілі болғандай, бұл істегі басты фигурант - бұрын бірнеше рет сотталған. Тексеру барысында оның заңсыз әрекеттерін растайтын айғақ заттар да табылды. Кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу