Көкшетауда жылу бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жылу бағасы қымбаттады

22.10.2021

Көкшетауда жылу бағасы қымбаттады. Тариф жеке тұлғалар үшін төрт, ал заңды тұлғаларға 13 пайыз жоғарлады. Енді жылу есептеу құрылғылары орнатылған үйлердің тұрғындары бір гигакалорий үшін 1417 теңге төлейді. Ал құрылғы болмаса, екі есе көп. Тарифтың өзгеруіне осы есептеу құрылғылары себеп болды дейді мамандар. 2015 жылдан бері арнайы бағдарлама аясында ғимараттарға осы қондырғыларды қою міндеттелген. Осы аралықта 800-ден астам тұрғын үйге есептеу құрылғысы орнатылыпты.

Асқар Нұрмағанбетов, «Көкшетау жылу» мекемесі бас директорының орынбасары: 
2015 жылы абонеттердің 80 пайызында есептеу құрылғылары болған жоқ. Қазір керісінше, 80 процентінде қондырғылар бар. Бұл бізге тарифты дұрыс есептеуге мүмкіндік берді. Тариф 5 жылда бір бекітеледі.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу