Гумилевқа арналған энциклопедия шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гумилевқа арналған энциклопедия шықты

22.01.2014
Гумилевқа арналған  энциклопедия шықты
 

Семейде атақты тарихшы, этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Лев Гумилевқа арналған тұңғыш тұлғалық энциклопедия жарық көрді.

 
Энциклопедия Елбасының Еуразиялық идеясының 20 жылдығына арналған. Өйткені, Еуразиялық идея - Гумилев еңбектерінен бастау алады.
 
Бүгінде Президент идеясы кең қолдау тауып отыр. Ресейдің «Көркем әдебиет» баспасында басылған энциклопедия оқырмандарға ғалым туралы мол ақпарат береді.
 
700 беттік еңбектің авторы - тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов пен филология ғылымдарының кандидаты Тұрдығұл Шаңбай.
 
Зиялы қауым өкілдерінің  пікірінше,  кітаптың   мазмұны салмақты. Онда бұған дейін айтылмай келген тарихи-географиялық деректер жарияланған.  
 
Медеу Сәрсеке, жазушы:
 Бұл - тарихи оқиға. Өйткені, Гумилев тарихты теріс айналдырған адам. Бүкіл түркі тарихын, оның ішінде қазақтың тарихына қарасаң, Гумилевтың еңбегі орасан. Социализмге салып жүрген тарихқа Гумилев басқаша қарады.
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу