Бейжің тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасы ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің тұрғындарына вакцинаның үшінші дозасы ұсынылды

22.10.2021

Қысқы Олимпиада қарсаңында Бейжің мен оның айналасындағы аудандардың тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы ұсыныла бастады. Сонымен қатар, алдағы ойындарға қатысушылар, ұйымдастырушылар және стадионда жұмыс істеушілер ковидке қарсы қосымша екпені міндетті түрде алулары керек.

Ақ Олимпиада 2022 жылы ақпанның 4-і мен 20-сы аралығында өтеді. Бірақ, оны тамашалайтын мінберлерге жергілікті тұрғындар ғана жіберілмек.

Қытай маска тағуды қатаң талап етіп, карантин енгізіп, жұқтырушылардың кіммен байланыста болғанын жіті қадағалап вирустың тарауын сәтті шектей білді. Бүгін елде 28 жұқтыру оқиғасы тіркелген. Соның біреуі Бейжіңде анықталды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу