Чек бермеген кәсіпкер туралы ақпаратқа сыйақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чек бермеген кәсіпкер туралы ақпаратқа сыйақы төленеді

22.10.2021

Фискалды чек бермеген кәсіпкерлер туралы ақпаратқа сыйақы төленеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Шара «Азаматтық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы аясында жүзеге асырылады.

Сыйақы төлем карталарын қабылдаудан бас тартқандар туралы хабарлама үшін де беріледі. Ол үшін «App Store» немесе «Play market»-тен «WIPON CASHBACK» тегін мобильді қосымшасын жүктеу жеткілікті.

Кәсіпкер туралы ақпаратты касса жанында орналасқан QR-код арқылы алуға болады. Факті расталған жағдайда телефон теңгеріміне 1000 теңге сыйақы түседі. Бұл ретте жеке табыс салығы шегеріледі.


Хабарламаларға жазылу