Түркістанда екпе алғандар саны миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда екпе алғандар саны миллионға жуықтады

22.10.2021

Түркістан облысында екпе қабылдағандар саны миллионға жуықтады. Бүгінге дейін өңірде вакцинаның алғашқы компонентін 960 мыңнан астам адам салдырған. Ал екінші компонентін 860 мыңнан аса тұрғын ектірген.

Мамандардың айтуынша, тәулігіне төрт мыңға тарта адам екпе алуға келеді. Қазір «жасыл» аймақта тұрған облыста індетке шалдығушылар саны да күрт азайды. Мәселен, соңғы тәулікте небәрі 33 адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды.

Сондай-ақ күні кеше өңірге сапарлап келген ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинваль да облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесуінде аймақтағы пандемияға қарсы жұмыстарды оң бағалады.


Түркістан екпе COVID-19

Хабарламаларға жазылу