Мемлекеттік тілге сұраныс артып келеді - Аида Балаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тілге сұраныс артып келеді - Аида Балаева

21.10.2021

Қазақстан қоғамында мемлекеттік тілге деген сұраныс артып келеді. Осылай деген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында Nickelodeon, TiJi, Disney арналарының контентін қазақ тіліне аудару бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Жобаның бірінші бағыты - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлекеттік тілді дамытуға ерекше мән берілген. «Жалпы, осы топтама бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Тағы бір маңызды міндет – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. «Ұлтты сақтау» дегеніміз – тілді сақтап, дамыту -деді, министр. Мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау жүйелі түрде жүзеге аспақ.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Шетелдегі мультканалдардың өнімін қазақ тіліне аудару. Арнайы Nickelodeon, TiJi арналары. Олармен келіссөз өткізіп, қазір «Қазақфильмнің» базасында аударуға кірісіп кеттік.


Хабарламаларға жазылу