Үкімет басшысы Асқар Мамин Ақтөбе және Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Осы өңірде қайта салынып жатқан ірі автомагистраль құрылысымен танысты. «Ақтөбе-Атырау-Астарахань» жолының жалпы ұзындығы 897 шақырым. Оның біраз бөлігі 2015 жылы жөнделген. Қалған 730 шақырымнан астамы реконструкциядан өтіп жатыр. Үкімет басшысы «Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» және Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі учаскелерде жұмыс барысымен танысты. Жалпы биыл елімізде 8,4 мың шақырым автожолда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Осы салада 200 мыңға жуық адам еңбек етуде.
Әмірбек Төлегенов, мердігер компания директоры:«Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» жол бағыты биыл толықтай бітеді. Былтыр бірінші қабатпен асфальт жолдары жасалған. Ол жерде біздің компания, осы жобаның 3 лотында жұмыс істеп жатырмыз. Биылдың өзінде 95 км жолды, 3қабатты асфальтпен тапсырып беріп жатырмыз.
Берік Көшербай