Ангела Меркель Германия канцлері ретінде Еуропа одағы саммитіне соңғы рет қатысуы мүмкін. Бүгін неміс үкіметінің басшысы Брюссельге барды. Ал, бірнеше сағаттан соң Берлинде социал-демократтар, жасылдар және еркін демократтар коалициялық үкімет құру мәселесін талқылауға кіріседі. Германияның жаңа лидері таңдалуы тиіс.
Меркель бұл елді 16 жыл басқарды. Осы уақыт ішінде Францияның төрт президентімен, Ұлыбританияның бес, ал Италияның 8 премьер-министрімен келіссөз жүргізген. Меркель өмірлік маңызы зор мәселелерде ымыраласа білу қабілетімен ерекшеленді. Дегенмен, 2015 жылы Германия қақпасын жүздеген мың босқынға ашқаны үшін сынға ұшырағаны белгілі. Еуровалюта аймағындағы дағдарысты еңсеру мақсатында қаржыны қатаң үнемдеу саясатын қолдағаны үшін де оңтүстік Еуропада үлкен қарсылыққа тап болды.
Арыстан Рысбек