Оңтүстік Кореяда жергілікті мамандар жасаған алғашқы ғарыштық зымыран ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда жергілікті мамандар жасаған алғашқы ғарыштық зымыран ұшырылды

21.10.2021

Оңтүстік Корея өзі жасаған ғарыштық ракетаны алғаш рет ұшырды. Осылайша, Сеул космостық жоспарларын жүзеге асыру жолында үлкен амбициялық қадам жасап отыр.

Үш сатылы әрі ұлттық тумен безендірілген «Нури» немесе «әлем» атты зымыран жасанды жерсерікпен Наро айлағынан көкке самғады. Дегенмен, ол спутникті орбитаға шығара алмаған. Жалпы, бұл ракета шамамен 600-800 шақырым биіктікке немесе Жердің үстіне 1 жарым тонна жүк апаруға қауқарлы.

Айта кетсек, Оңтүстік Корея болашақта ғарышқа барлау, навигация, байланыс үшін спутниктер мен тіпті Айды зерттейтін зонд жіберуді көздеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу