Кабулде әйелдер шеруге шығып, құқықтарын құрметтеуді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кабулде әйелдер шеруге шығып, құқықтарын құрметтеуді талап етті

21.10.2021

Ауғанстан астанасы Кабулде әйелдер шеруге шығып, «Талибан» үкіметінен өздерінің азаматтық құқықтарын құрметтеуді талап етті. Олар қоғам істеріне араласуға, білім алуға, жұмыс істеуге рұқсат берілсін деп ұрандатты.

Тәліптер билікке екі айдан астам уақыт бұрын келді. Содан бері Ауғанстанда жасөспірім қыздардың мектепке баруына және әйелдердің жаңа үкіметте жоғары лауазымдарды иеленуіне тыйым салынды. Дегенмен, «Талибан» басшылыққа келісімен нәзік жандылардың құқықтарын қамтамасыз етуге әрекет жасап жатқанын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу