Франция: Қауіпсіздік жәрмеңкесінде робот ит таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция: Қауіпсіздік жәрмеңкесінде робот ит таныстырылды

21.10.2021

Парижде өтіп жатқан қорғаныс және қауіпсіздік жәрмеңкесінде робот ит көпшіліктің назарын өзіне аударды. Көрме өкілдерінің сөзінше, оның құны 1 миллион доллардан кем емес. Және де бұл механикалық жануар озық технологияның арқасында қиын жерден тепе-теңдікті сақтап өте алады.

Жәрмеңке қазанның 22-не дейін өтеді. Онда Израиль, Америка Құрама Штаттары және Швейцария тәрізді ондаған ел инновациялық дүниелерін көрсетіп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу