Нұр-Сұлтанда ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда ұлттық жобаларды жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу күндері басталды

21.10.2021

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясына Ресейдің басқарушы кадрлық резервіндегі қызметкерлер тәжірибе алмасуға келді. «Ұлттық мақсаттарға жету жолындағы адами капиталды дамыту» атты тағылымдамаға ұлттық жобалар мен бағдарламаға тартылған мамандар қатысады.

Ресейлік қонақтар бір апта бойы Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кіріскен қазақстандық тәжірибемен таныспақ.

Көрші елден келген 40 қызметкерге ұлттық жобаның жоспарын жасау бойынша білікті мамандар дәріс оқиды. Тағылымдама аясында академия мамандары мемлекеттік қызметті реформалаудың тың тәсілдерімен бөліспек.

Әйгерім Әбілова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Кәсіби даму институтының бөлім меңгерушісі:

Үздік бизнес спикерлердің және академияның әлеуеті бар, сол әлеуетті тарта отырып, мемлекеттік органдардағы басшылардың біліктілігін қолдана отырып, осы тағылымдаманы жасадық. Қазақстанның тәжірибесін жұмыс барысында қолданып жатыр. Өздеріне қажетті ақпараттардың барлығын тағылымдамада толық мағлұматпен танысып жатыр.


Хабарламаларға жазылу