Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша семинар өтті

21.10.2021

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиялар материал жинау бойынша өзара тәжірбие алмасуда. Мемлекеттік комиссия жанындағы Жобалық кеңсенің кезекті семинары өтіп, бір кездері елден кетуге мәжбүр болған босқындар мәселесі талқыланды.

Кей дереккөз бойынша, өткен ғасырда саяси қуғындаудың салдарынан 1 миллионнан астам адам Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған. 1926 жылы егіндік және шабындық жерлерді бөлу жөніндегі қаулы қабылданған соң басқа елге босып кеткендер саны тіпті көбейді. Онлайн форматта өткен семинар барысында осы босқыншылық кезінде қудаланған адамдарды ақтау мәселесі кеңінен талқыланды.

Арайлым Мұсағалиева, тарих ғылымдарының докторы:

1916 жылдан басталған босқыншылық мәселесі, қазақтардың арасында, 1930 жылға дейін созылды. Бұл біздің халқымыз үшін өте үлкен қасырет болды. Әлі толық зерттеліп бітпеген тақырып, әлі де мұрағат құжаттары жариялануы керек. Сондықтан бұл тақырыптың, зерттейтін мәселесінің шешімі шығатын уақыт алда деп ойлаймыз. 

Нұр-Сұлтан қуғын-сүргін құрбандары

Хабарламаларға жазылу