Өскеменде ұрылар 19 миллион теңгенің мүлкін тонап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде ұрылар 19 миллион теңгенің мүлкін тонап кетті

21.10.2021

Өскеменде ұрылар қаладағы пәтерлердің бірінен 19 миллион теңгенің мүлкін қолды қылды. Олар ең жиі қолданылатын әдіс - есіктің сәйкес кілтін таңдау арқылы пәтерге кірген. Қылмыскерлердің бірі осы өңірдегі Жаңаөзен ауылының 47 жастағы тұрғыны, қалған екеуі Өскемен қаласының 36 жастағы тұрғындары болып шықты. Тергеу барысында күдіктілерден тапаншаға ұқсас қару және оқ-дәрі де табылды.

Андрей Мула, қалалық Полиция басқармасының басшысы:

Сараптама қорытындысы бойынша, бұл 9 мм калибрлі «SNREAMER-1014» травматикалық өзін-өзі зарядтайтын тапанша. Аталған іс бойынша ҚР 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ күдіктілер анықталып, ұсталды.


Өскемен тонау

Хабарламаларға жазылу