Сирияда снаряд оғынан 11 адам мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияда снаряд оғынан 11 адам мерт болды

21.10.2021

Сирия әскері көтерілісшілер бақылауындағы Ариха қаласына оқ жаудырып, 12 адам мерт болды. «ЮНИСЕФ»-тің мәліметінше, қаза тапқандар арасында 7 оқушы бала бар.

Снаряд түскен кезде олар мектепке бара жатқан. Ал бұған дейін ел астанасы Дамаскте жол бойына қойылған бомбадан әскери автобус жарылып, 14 адам мерт болған еді. Сирияның үкіметтік күштеріне қарсы бұл шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу